31 наурыз 2021 12:33

Ресейде жануарларға арналған алғашқы COVID-19-ға қарсы вакцина тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ресей COVID-19 коронавирусына қарсы жануарларға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Препарат өндірісі сәуірде басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Россельхознадзор басшысының орынбасары Константин Савенков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 


Ресей COVID-19 коронавирусына қарсы жануарларға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Препарат өндірісі сәуірде басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Россельхознадзор басшысының орынбасары Константин Савенков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Спикердің айтуынша, "Карнивак-Ков" вакцинасын "Жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі федералды орталығы" жасаған. Бұл жануарларға арналған COVID-19-ға қарсы әлемдегі алғашқы және жалғыз препарат.

Вакцинаның клиникалық сынақтары былтыр қазаннан бастап ит, мысық, түлкі, күзендер мен басқа да жануарларға жүргізілді.

"Зерттеу нәтижелері вакцинаның зиян еместігін және оның жоғары иммуногендік белсенділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені вакцинацияланған барлық жануардың жүз пайызында коронавирусқа антиденелер қалыптасты", - деді бөлім басшысының орынбасары.

Россельхознадзор ғалымдары жануар препаратты қабылдағаннан кейін иммунитеті қанша уақытқа сақталатынын әлі зерттеп жатыр. Савенковтың айтуынша, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш кем дегенде алты айды көресетеді.

"Сәуірде елдегі жануарларға арналған ең ірі дәрі-дәрмек платформасы - Жануарлардың денсаулығын сақтау жөніндегі федералды орталығы негізінде вакцинаның жаппай өндірісі басталуы мүмкін.

"Жаңа коронавирус инфекциясы жануардан адамға жұқпайды, оған ғылыми дәлел жоқ, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да бірнеше рет хабарлады. Алайда жануарлар коронавирустың COVID-19-дан өзге басқа түрлерін жұқтыруы мүмкін екенін атап өткен жөн", - деді Савенков.

Еске салайық, COVID-19 Прага хайуанаттар бағында екі арыстан мен еркек горилладан табылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети