05 маусым 2022 13:18

Ресейде референдум қалай өтіп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі Фото: Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі

Мәскеуде Қазақстан Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мәскеуде Қазақстан Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де дауыс беру басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларында Қазақстанның Бас консулдықтары құрған учаскелерде дауыс бере алатыны айтылды.

"Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек", - деп еске салды елшілік өкілдері.

Мәскеудегі учаскеге алғашқылардың бірі болып Жоғары экономика мектебінің студенті Сансызбай Медет келді.

"Бүгін дауыс беру өте маңызды. Өйткені бұл біздің азаматтық борышымыз. Мен Мәскеуде дауыс беруге осындай мүмкіндік болғанына өте қуаныштымын. Шетелде тұратыныма қарамастан, өз елімде болып жатқан оқиғаларды белсенді түрде бақылап отырамын", - дейді Сансызбай Медет.

Санкт-Петербургтегі дауыс беру учаскесі.

Астрахандағы дауыс беру учаскесі.

Қазан (сол жақта) және Санкт-Петербургтегі (оң жақта) сайлау учаскелері.

Ресейдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де аяқталады, деді Қазақстан елшілігі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети