1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Ресейдегі ең ауыр әйел қайтыс болды

Фото: 72.ru Фото: 72.ru

Ресейдегі ең ауыр әйел саналатын тюмендік Любовь Нурдинова 57 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды 72.ru.

Өлім себебі белгісіз. Нурдинованың туыстары болған оқиғаға түсінік беруден бас тартты. Әйелдің салмағы көп жыл бойы 350 келі болған. Ол 18 жыл үйінен шыға алмаған, кейін асқазанын кішірейту үшін операция жасатқан.

Осылайша 158 келі тастап, аяғына қайта тұрған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!