16 мамыр 2017 17:41

Ресейдегі Волгоград қаласында болған жарылыстан көпқабатты үй опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Волгоградта көпқабатты үй опырылды, - деп хабарлайды L!FE.ru.


Волгоградта көпқабатты үй опырылды, - деп хабарлайды L!FE.ru.

Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдайға үйдің аумағында газ құбырын жөндеу кезінде тұрмыстық газ баллонының жарылуы себеп болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, таңғы уақыттан бері көпқабатты үйдің аумағында газдың иісі шығып тұрған.

Құтқарушылар үйіндінің астында қалған адамдарды шығарып жатыр. Бес адамға көмек көрсетіліп жатыр. Төтенше жағдай туралы хабар келген соң оқиға орнына 10 жедел жәрдем көлігі барды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, үй опырылған кезде екі адам қаза тапты. Олардың денесі үйінді астынан шығарылған. Құтқарушылар мен  куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің саны көбейіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети