21 сәуір 2023 09:34

Ресейдің Белгород қаласында жарылыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей қорғаныс министрлігі штаттан тыс оқиғаға байланысты Су-34 әскери ұшағы Белгород қаласына бомба тастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.


Ресей қорғаныс министрлігі штаттан тыс оқиғаға байланысты Су-34 әскери ұшағы Белгород қаласына бомба тастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.

20 сәуір түні Ресейдің Белгород қаласындағы орталық көшесін жарылыс болды. Көшенің қақ ортасында радиусы 20 метр үлкен шұңқыр пайда болды. Жарылыс салдарынан жақын маңдағы үй мен көліктер зардап шеккен.

Ресей Қорғаныс министрлігі Белгородтың үстінде ұшып бара жатқан Су-34 әскери ұшағында авиациялық оқ-дәрілердің нормадан тыс түсуі орын алғанын мәлімдеді.

"Нәтижесінде тұрғын үйлерге зақым келді, зардап шеккендер жоқ. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков өзінің Telegram-арнасында оқиғадан екі адамның зардап шеккенін жазды. Бас-ми жарақатын алған әйел №2 қалалық ауруханаға жеткізілген. Жарақат алған екінші әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

Сонымен қатар, губернатордың айтуынша, жарылыстан көпқабатты үйдегі төрт пәтер мен төрт көлік зақымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети