02 наурыз 2022 02:17

Ресейлік тауарлар 30-40 пайызға арзандайды - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан парламентінің депутаты Сұлтанбай Айжігітов. © economist.kg Қырғызстан парламентінің депутаты Сұлтанбай Айжігітов. © economist.kg

Егер батыс елдерінің санкцияларына байланысты Ресейдің орталық банкі интервенция жасау мүмкіндігінен айырылса, долларға қатысты рубль бағамы тез төмендейді. Бұл өз кезегінде Ресейде экспортталатын тауарлар бағасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Бұл туралы қырғыз депутаты Сұлтанбай Айжігітов Бішкекте өткен бюджет және фискалдық саясат комитетінің отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тазабекке сілтеме жасап.

Депутат Ресейдегі мигранттардың жалақыны рубльмен алатынын айтты.

"Қырғызстанда доллар бағамы 85 сом болған кезде Ресейде ол 78 рубльге тең еді. Әрине, бұл жұмысшылар үшін тиімді болды, себебі бір рубль 1,05-1,15 сомды құрады. Бүгінде доллар бағамы 103 рубль болып қалса, онда олар ары қарай ақшаны тиімді өндіре алмайды, капитал ағыны бірден тоқтайды", - деді Айжігітов.

Оның сөзінше, Қырғызстанда капитал ағыны төмендесе, кедейлік пен жоқшылық деңгейі күрт көтеріліп, экономика шығынға батады. 

"Енді біздің нарықтағы барлық ресейлік тауарлар өте арзан болады. Менің ойымша, көрші елдің экспорты 30-40 пайызға арзандайды. Оның салдарынан өзіміздің тауарлар сатылмай қалады. Қырғызстан өте күрделі жағдайға тап болды",- деді Қырғызстан президентінің экс-кеңесшісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети