09 наурыз 2014 11:41

РФ құрамына өткен Қырымның бюджет қызметкерлерінің айлығын 4 есеге өсіруге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Константинов. Фото: kvedomosti.com Владимир Константинов. Фото: kvedomosti.com

Қырым Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Владимир Константинов егер автономия Ресейге қосалытан болса, бюджет қызметкерлерінің айлық-жалақысы бірнеше есеге өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости. "Бюджет қызметкерлері: мұғалімдер, мектеп директорлары, медицина қызметкерлері, әскер, милиция, прокуратура органдарында қызмет ететіндер, т.б. барлығы жалақыны 2,5-нан 4 есеге дейін көп алатын болады",- дейді Константинов. Оның айтуынша, автономияның бюджеті екі есеге дейін жоғарылайды. "Украина стандартымен бекітілген бюджет қызметкерлерінің өтемақысы мен жалақы төлемдері енді Ресей Федерациясының стандартымен жасалынатын болады. Бұл цифрларда өзгеріс болып, бюджет қайта есептелетін болады. Біз Ресейден осындай кепілдеме алдық. Шынын айтқанда, біз бұлай болады деп ойлаған жоқпыз",- деді төраға. 22-ақпанда Украинада билік ауысты. Жоғарғы Рада президент Виктор Януковичті биліктен шеттетті. Конституция өзгеріп, президенттің міндетін уақытша орындау Жоғарғы Раданың төрағасы Александр Турчиновке жүктелді. Ол бостандыққа шыққан Юлия Тимошенконың жақтасы. Онда президент сайлауы 22-мамырға белгіленді. Украинаның шығысы мен оңтүстік облыстары, сонымен бірге Қырым да Раданың лигитимді шешімін мойындаған жоқ және өздерінің аймақтарының одан арғы болашағы туралы референдум өткізуге шешім қабылдады. Қырымның мәртебесі туралы референдум 16-наурызда өтетін болды. Онда екі мәселе көтеріледі: Біріншісі - "Сіз Қырымның РФ субекті болып Ресей құрамына кіруін қолдайсыз ба?" және екіншісі - "Сіз 1992 жылы қабылданған Қырым конституциясын қалпына келтіруді қалайсыз ба?".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети