09 ақпан 2021 13:09

"Россия 1" телеарнасы түсірген "Навальный вилласы" фильмін желі қолданушылары мазақ етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Россия-1" телеарна видеосынан алынған кадр "Россия-1" телеарна видеосынан алынған кадр

"Россия 1" телеарнасындағы "Вести недели" бағдарламасы Алексей Навальный Германияда емделгенде тұрған вилланы көрсетті. Сюжет авторлары ресейлік оппозиционердің сән-салтанатта өмір сүргеніне назар аударған. Алайда "Навальный вилласы" фильмі әлеуметтік желілерде оқырмандардың күлкісіне қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Россия 1" телеарнасындағы "Вести недели" бағдарламасы Алексей Навальный Германияда емделгенде тұрған вилланы көрсетті. Сюжет авторлары ресейлік оппозиционердің сән-салтанатта өмір сүргеніне назар аударған. Алайда "Навальный вилласы" фильмі әлеуметтік желілерде оқырмандардың күлкісіне қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Навальный Фрайбург қымбат ауданындағы үйді жалға алып, қарашаның соңында қоныстанды. Тұрғын үй ақысы тәулігіне - 530 еуро. Үй иесі ақысын қолма-қол ақшамен алады. Навальный ол үйде екі айға жуық тұрды. Сонда ол Фрайбургте тұру үшін 30 мың еуродан аса қаражат жұмсады", - дейді бағдарлама тілшісі сюжетте.

"Вестей недели" мәліметінше, үй шамамен 100 және 210 шаршы метр болатын екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта қонақ бөлмесі, террассасы бар екі жатын бөлме, асүй, дәретхана, жуынатын бөлме және бассейн бар. Екінші қабатта асхана, асүй және киімге арналған бір бөлме бар. Сюжетте шарап бөтелкесі мен дәретхана тазалағышына ерекше назар аударылады.

Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары "Навальный вилласы" туралы фильмді мазақ еткен еді.

Навальный 2020 жылы 14 қазанда өзінің Instagram-парақшасында Германияда тұру ақысын кәсіпкер, ресторатор және "Евросеть" негізін қалаушы Евгений Чичваркин төлегенін жариялады. Берлин ауруханасында емделуге Чичваркин, экономист Сергей Алексашенко және IT маманы Роман Иванов демеушілік жасағанын айтты.

2020 жылы 20 тамызда Навальный комаға түскенде Омбыдан Берлинге дейінгі ұшақ ақысын ресейлік кәсіпкер Борис Зимин төлеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети