06 сәуір 2017 15:36

Санкт-Петербург метросынан граната табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Бейсенбі күні тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін жабылған Санкт-Петербургтегі "Приморская" станциясында жолаушының сөмкесінен Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған тротил іздері бар (сарғылт түсті қатты жарылғыш зат) граната табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Сөмкені тексеру барысында гранатаға ұқсас зат табылды. Содан Ресейдің Бас ІІМ қызметкерлері шақырылды. Қызметкерлер күмәнді затты тексеру барысында оның Ұлы Отан соғысы кезінде қолданылған граната екенін анықтады. Гранатада тротил іздері болған", - деді Ресейлік гвардияның Санкт-Петербург пен Ленинградс обласы бойынша баспасөз қызметінің өкілі.

Басылымның мәліметінше, құқық қорғау органдарындағылар граната алып бара жатқан ер адамның ұсталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оның заңсыз түрде қару мен ату жарақтарын ұстап жүруіне қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети