05 сәуір 2017 | 15:51

Санкт-Петербургте болған терактіге қатысы бар Орталық Азияның алты азаматы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sledcom.ru © sledcom.ru

Санкт-Петербургте болған терактіге қатысы бар Орталық Азияның алты азаматы ұсталды, - деп хабарлайды РФ Тергеу комитетінің ресми сайты. РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы 1-бөлігі ("Терроризм актiлерiне қатысу") бойынша іс жүріп жатыр. 


Иконка комментария блок соц сети

Санкт-Петербургте болған терактіге қатысы бар Орталық Азияның алты азаматы ұсталды, - деп хабарлайды РФ Тергеу комитетінің ресми сайты. РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы 1-бөлігі ("Терроризм актiлерiне қатысу") бойынша іс жүріп жатыр. 

"2017 жылы 5 сәуірде Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі және ІІМ қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел-іздеу шаралары барысында Ресейге жұмыс істеуге келген Орталық Азиядағы республикаларының алты азаматы ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, 2015 жылдың қараша айынан бастап олар осы күнге дейін "Джебхат ан-Нусра", "Ислам мемлекеті" ұйымдарының өкілі Санкт-Петербург қаласында Орта Азия елдерінен келген азаматтарды терроризмдi насихаттап және терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақырған", - делінген хабарламада. 

Күдіктілер тұрып келген жерлерде тінту жұмыстары жүріп жатыр (оның ішінде ислами экстремисттік әдебиет, құжаттар мен басқада заттар). 

"Қазіргі уақытта ұсталғандарды қамауға алу және олардың сыбайластарын анықтау және жауапқа тарту мәселелері шешіліп жатыр", - деді РФ Тергеу комитетінің өкілдері. 

Сондай-ақ, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Дипломатиялық миссиясы ұсталғандардың ішінде қазақстандықтардың бар-жоғын тексерді. "Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының соңғы мәліметтеріне қарағанда, Санкт-Петербургте болған терактіге қатысы бар деген күдікпен Орталық Азияның ұсталған алты азаматының ішінде Қазақстан азаматы жоқ", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Бүгінде қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр.

Айта кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кем дегенде 11 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 50-ге жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынща Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети