Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Сауд Арабиясы әйелдер үшін жаңа жұмыс кестесін бекітті

30 Мамыр 2014, 10:44
0
©REUTERS
©REUTERS

Сауд Арабиясында әйелдерге сағат 09.00-ден бұрын және 23.00-ден кейін жұмыс істеуге тыйым салынды, - деп хабарлайды РИА Новости араб бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Билік өкілдерінің пікірінше, бұл тыйым әйелдерді қауіптен және көшеге шығуға мәжбүрліктен сақтандырады. Ал елдің еңбек министрлігі жұмыс берушілерді әйелдерді еңбекпен қамтуда белсенді болуға шақырып отыр. Әсіресе, әйелдерге арналған дүкендерге, әсемдік салондарына, әйелдердің спорт клубтарына тек қана нәзік жандар алынуы керек деген талап қойылды.

Басылымдар бұған дейін елде әлеуметтік сауалнама жүргізілгенін хабарлайды. Респонденттердің көбі әйелдерді дипломатиялық ведомстволар мен жеке компанияларда жетекші лауазымдарға тағайындауды қолдайтынын білдірді. Сауд Арабиясы тұрғындары әйел министрлерді көргісі келетінін де айтқан.

Әзірше бұл елде әйелдер қол жеткізген ең жоғарғы лауазым білім министрлігінің орынбасарлығы болып тұр. Сонымен бірге, Заң жөніндегі консультативтік кеңесте 30 әйел депутаттық мандат алған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай