31 тамыз 2014 14:19

Сауд Арабиясы Еуропа мен АҚШ-қа лаңкестердің шабуыл жасауы мүмкін екенін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының патшасы Абделла бен Абдель Әзиз Әль Сауд. ©9tv.co.il Сауд Арабиясының патшасы Абделла бен Абдель Әзиз Әль Сауд. ©9tv.co.il

Сауд Арабиясының патшасы Абдалла бен Абдель Әзиз әл Сауд егер әлемдік қауымдастық лаңкестікке қарсы табанды іс-әрекеттер қолданбаса экстремисттер таяу арада Еуропа елдеріне шабуыл жасап, АҚШ-қа да жетіп қалатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Сауд Арабиясының патшасы Абдалла бен Абдель Әзиз әл Сауд егер әлемдік қауымдастық лаңкестікке қарсы табанды іс-әрекеттер қолданбаса экстремисттер таяу арада Еуропа елдеріне шабуыл жасап, АҚШ-қа да жетіп қалатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Егер бұны назардан тыс қалдыратын болса, бір айдан кейін олар Еуропаға жетіп, ал тағы бір айдан кейін Америкаға жететініне мен сенімдімін. Бұл лаңкестер адамгершілік дегенді білмейді және сіздер олардың адамның басын кесіп, көшедегі балаларға бергеніне кәу болдыңыздар", - дейді Абдалла Эр-Риядтағы шет ел өкілдерімен кездесу барысында. 

Патша дәл қандай экстремистік топтардан көп қауіп келетінін нақты айтқан жоқ. Дегенмен Сирия мен Ирактың көп территориясын бақылауда ұстап отырған "Ислам мемлекеті" (ИМ) жасағы өте белсенді екені белгілі. БАҚ "Ислам мемлекетінің" содырлары әлем халықтарын жәбірлеп отырғанын бірнеше мәрте хабарлаған. Жуырда ғана жасақ америкалық журналистің басын кескен сәттегі видеосын жариялады.

Айта кетейік, тамыз айының ортасында Сауд Арабиясы лаңкестікке қарсы шараларды қолдап және өзге мемлекеттерді де бұл үлгіні қолдауға шақырып Біріккен ұлттар ұйымына (БҰҰ) 100 миллион доллар бөлді.  Маусым айынан бастап Иракта "Ислам мемлекеті" жасағы белсенді бола бастады. Соңғы уақытқа дейін Сирияда соғысқан жауынгерлер Ирактың солтүстік және батыс аймағын өз бақылауына алды. Маусым айының соңында ИМ Ирак пен Сирияның өз қарамағындағы аймағында "ислам халифатының" құрылғанын хабарлады. Содан кейін Ирак басшылары халықаралық қауымдастықтан ИМ жасағына қарсы тұру үшін көмек сұраған. Қиын жағдай елдің солтүстік аймағында болып тұр. Ол жақта содырлар күрд және езид ұлтына геноцид жариялап қоқан-лоқы көрсетіп отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети