Сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады

25 Қыркүйек 2017, 09:23
0
Сегіз елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынады - © РИА Новости
© РИА Новости

АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше елдің азаматтарына - Венесуэла, КХДР және Чад елдеріне АҚШ-қа кіруге қатысты шектеу шараларын қатаңдатты. Бұл туралы президенттің мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

18 қазаннан бастап Венесуэла, КХДР және Чад азаматтарына елге кіру туралы тыйым заңды күшіне енеді. Сондай-ақ, қара тізімде Иран, Йемен, Ливия, Сирия және Сомали елдері бар.

Басылымның мәліметінше, АҚШ-қа кіруге Венесуэладағы бірнеше мекемедегі мемлекеттік шенеуніктерге, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ, бизнес-виза мен туристік виза иелеріне тыйым салынып отыр. Сондай-ақ, жарлықта басқа категориядағы виза иелеріне де қосымша шектеу қойылатыны айтылады.

Трамп өз кезегінде бұл әрекетін иммигранттарды қауіпсіз түрде іріктей алмай жатқанымен түсіндіріп отыр.

"Мен үшін ең бастысы - Американың қауіпсіздікте болуы. Біз келген адамдарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмайтындықтан оларды өз елімізге қабылдай алмаймыз", - деп жазды Дональд Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, президенттің ресми мәлімдемесінде КХДР мен Венесуэланың виза мәселесі бойынша Америка билігіндегілермен бірге қызмет істемегендіктен қара тізімге енгізілгені айтылады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай