13 шілде 2022 09:12

Селфи жасамақ болған: америкалық турист жанартауға құлап кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: italy4me.ru Фото: italy4me.ru

Америкалық турист Везувий жанартауы шұңқырына құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.


Америкалық турист Везувий жанартауы шұңқырына құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mirror басылымына сілтеме жасап.

23 жастағы америкалық отбасымен Неапольде демалған. Олар аймақтың көрікті жері - Везувий жанартауына барғысы келген. Америкалықтар танымал әрі қауіпсіз саяхат жолын іздеудің орнына, тыйым салынған, өте қауіпті бағытты таңдаған.

Жігіт жанартауда селфи жасамақ болған, сөйтіп, телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Оны алуға тырысқан кезде өзі де құлаған. Құтқарушылар туристі құтқарып қалған. Ол айтарлықтай зардап шекпегені хабарланды.

Везувий тауы - Италиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Сарапшылар оны әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети