08 мамыр 2019 09:29

Шереметьево әуежайында өртке оранған ұшақтан адамдарды құтқармақ болған пилоттың суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Шереметьево әуежайында өртеніп жатқан SSJ-100 ұшағында адамдарды құтқармақшы болған ұшқыштың суреті жарияланды.


Желіде Шереметьево әуежайында өртеніп жатқан SSJ-100 ұшағында адамдарды құтқармақшы болған ұшқыштың суреті жарияланды.

Жарияланған видеода ұшқыштың кабина терезесінен шығып, ұшақтың басқышымен қайта салонға кіріп жатқаны көрінеді. Кейбір нұсқаларға қарағанда, ер адам салоннан басқа бір ұшқышты алып шықпақ болған.

Экипаж командирі Денис Евдокимовтің әкесі  Александр Евдокимов РЕН ТВ телеарнасына ұлының екінші ұшқышқа кабинадан терезе арқылы шығуды бұйырып, ал өзі ұшақта соңына дейін қала бергенін айтады. 

Қазіргі уақытта Денис Евдокимов ауруханада жатыр. Телеарнаның мәліметінше, әкесі экипаж дұрыс ұша алмаған деп айыптамауға шақырады.

"Денис Ил-76 ұшағының командирі болды, кейін екінші пилот болып жұмыс істеді, сосын командир болды. Ұзақ жылдар бойы Boeing-пен ұшты, кейін SSJ-100 ұшағына көшті", - дейді әкесі.

Шереметьево әуежайындағы ұшақтан шыққан өрттен қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Еске салайық, 5 мамырда Шереметьеводағы ұшақтан шыққан өрттен 41 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Мәскеуден Мурманск қаласына бара жатқан "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы Шереметьево әуежайына шұғыл оралып, оған ұшақаннан кейін 28 минут өткен соң қонуға тура келген. Ұшақ қиын метеожағдайларға байланысты екінші мүмкіндіктен ғана тоқтай алған. Бірақ жерге қонып жатқан кезде тіректері сынып, қозғалтқышынан от шыққан. 

Тоқаев Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети