Шри-Ланкада жарылыстар салдарынан 160 адам қаза тапты

21 Сәуір, 15:19
0
© REUTERS / Dinuka Liyanawatte
© REUTERS / Dinuka Liyanawatte

Шри-Ланкада шіркеу мен қонақ үйде жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Католиктер шіркеуінде пасха мерекесін тойлау кезінде және Коломбо қонақ үйінде және елдің басқа да бөліктерінде алты жарылыс болды. Жергілікті News 1st телеарнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 160-тан асқан, ал 360 адам зардап шеккен. Шри-Ланка үкіметі жедел отырыс жасады. 

Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викрамасингхе шіркеу мен қонақ үйге шабуылды айыптады. 

"Мен бүгін халқымызға шабуыл жасағандарды айыптаймын. Осы қайғылы жағдайда барлық шриланкалықтарды бірігуге және берік болуға шақырамын. Тексерілмеген ақпараттан аулақ болыңыз. Үкімет осы жағдайды ұстап тұру үшін дереу қадам жасайды", - деп жазды Викрамасингхе Twitter желісіндегі парақшасында.

Жарылыстан кейін Шри-Ланкадағы Коломбо әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 

"SriLankan Airlines Коломбо Bandaranaike (BIA) халықаралық әуежайынан ұшып шығатын барлық әуе желілерінің жолаушыларын осы таңертең елде болған оқиғадан кейін күшейтілген қауіпсіздік шараларына байланысты ұшудан төрт сағат бұрын әуежайға келуді сұрайды", - деп жазды әуекомпаниясы Twitter желісінде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай