16 мамыр 2018 09:32

Сирия оппозициясының өкілдері Астанада мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter © Twitter

Cирия қарулы оппозициясының өкілдері тек Астанада өтетін келіссөздерге қатысуға ниетті. Олар Ресейге бармайтын болып шешті. Бұл туралы Сирия оппозициясы делегациясының басшысы Ахмед Тома Қазақстан астанасында өткен баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Иә, біз Астанаға келдік, осы мәселені тек Астанда талқылап, Астанада шешу үшін. Барлық мәселені осында талқылаймыз, басқа жерде емес. Кепіл беруші елдер - Ресей, Түркия мен Иран басқа елге барғысы келсе, өздері біледі, өздері шешеді", - деді ол делегация Сочидегі келесі кездесуге қатыса ма, жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып.

КТК телеарнасы да Сирия қарулы оппозициясының тағы бір өкілі Ясер Абдулрахимның мәлімдеме жасағанын айтады.

"Ресей әскері Сириядағы бейбіт халықты, бейкүнә балаларды бомбалауда. Ресей мен Иранның офицерлері аурухана, мектептерді әуеден соққылауын тоқтатпай отыр. Олар Сирия халқын қырып-жоюды доғармаса, біз Сочидегі кездесуге бармаймыз", - деп мәлімдеді қарулы оппозиция өкілі Ясер Абдулрахим. (Дереккөз: КТК)

Қарулы оппозиция өкілі Ясер Абдулрахим. © РИА Новости

Айта кетейік, 15 мамырда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жүргізілген келіссөздердің 9-шы раунды аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети