Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізді

06 Қаңтар 2016, 13:25
0

КХДР сутегі бомбасын сынақтан өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости. Сынақтан кейін Солтүстік Кореяда техногендік сипаттағы, магнитудасы 4,3-ке тең жер сілкінісі болды.

Басылымның мәліметінше, КХДР сутегі бомбасының сынақтан сәтті өткізілгенін ресми түрде хабарлаған. Олар бұл сынақтың Солтүстік Корея үшін "тарихи оқиға" болғанын айтты. Сонымен қатар, КХДР жаңа қарудың ел егемендігінен айырылған жағдайда ғана қолданылатынын мәлімдеді.

Өз кезегінде Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ сутегі бомбасының сынақтан өткізілуін қатаң айыптады. "Бұл біздің еліміз үшін үлкен қатер, бұл әрекетті ақтауға болмайды. Мұны қатаң түрде айыптаймын. (...) Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзу болып есептеледі", - деді Абэ.

Осыдан кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл жиын өткізетін хабарлады. Жиналысқа АҚШ пен Жапонияның бастама көтергені айтылды.

Айта кетейік, сутегі бомбасы - үлкен қопарғыш күшке ие қару, оның қуаты атом бомбасынан да күшті. Сутегі бомбасын жару жеңіл ядролардың термоядролық синтезіне негізделген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай