04 маусым 2020 19:34

СOVID-19 жүкті әйелдің сәбиіне зиянын тигізбейді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: vesti.ru Фото: vesti.ru

Ресейлік сарапшылар қауіпті індет жүкті әйелдің сәбиіне зиянын тигізбейтінін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.


Ресейлік сарапшылар қауіпті індет жүкті әйелдің сәбиіне зиянын тигізбейтінін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Олардың пікірінше, сәби коронавирусты СOVID-19 вирусын жұқтырған туған-туыстарынан жұқтыруы мүмкін.

"Коронавирус инфекциясы балаға жұқпайтыны туралы нақты деректер бар. Яғни індеттің тура таралғаны туралы дерек жоқ. Ешкім ұрыққа тератогендік әсердің барын дәлелдеген жоқ. Ұрықтың дамуында ақау болмауы тиіс. Қағанақ суында, плацентада коронавирус инфекциясы анықталмады", - дейді Ресей денсаулық сақтау министрлігінің акушерия және гинекология жөніндегі штаттан тыс маманы Лейла Адамя.

Сарапшының айтуынша, тіпті COVID-19-ға оң нәтижеге көрсеткен жүкті әйелдердің сәбилері індетті жұқтырмайды. Алайда сәбиде індет белгілері байқалса, ол вирусты туыстарынан жұқтыруы мүмкін.

"11 наурыздан пандемия басталды. Сондықтан осы уақыт ішінде коронавирус жұқтырған әйелдер де босанды. Бірақ олардың жолы болды. Індет жұқтырған әйелдердің басым бөлігінің денсаулығы нашарлаған жоқ. Бізде арнайы технологиялар бар. Оларды біз мұқият бақыладық. Барлық әйел аман-есен босанды. Ауыр экстрагенитальды аурулары бар науқастардан ғана асқынулар байқалды", - деді Адамян.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети