09 ақпан 2021 17:03

"СOVID-19 зертханадан тарауы екіталай" - ДДҰ сарапшылары мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары СOVID-19 коронавирусының (Sars-Cov-2) таралуы жөнінде айтылған төрт нұсқаны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшылары СOVID-19 коронавирусының (Sars-Cov-2) таралуы жөнінде айтылған төрт нұсқаны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

ДДҰ халықаралық сарапшылар тобының жетекшісі Питер Бен Эмбарек Ухандағы баспасөз мәслихатында ғалымдар вирустың зертханадан тарауы екіталай деп санайтынын мәлімдеді.

"Біз вирустың адамға қалай жұққаны туралы төрт болжамды қарастырдық... Біріншісі - жануардан адамға тікелей берілу. Екінші болжам - вирус жануардан жануарға беріліп, бейімделіп, кейін адамға жұғуы. Үшінші нұсқа - азық-түліктен, әсіресе мұздатылған тағамдардан берілуі. Соңғысы - зертханамен байланысты оқиғаның болуы", - деді ол.

Эмбарек сарапшылар барлық нұсқаны мұқият зерттегенін атап өтті. ДДҰ сарапшылары вирустың тасымалдаушылар арқылы жұғуы нұсқасын одан әрі зерттеуге ниетті. Сондай-ақ, вирустың мұздатылған тағамдардың беті арқылы берілу мүмкіндігі де өте жоғары екені айтылды. Бұл вирус алыстан келуі мүмкін дегенді білдіреді. Үшінші, коронавирус жарқанаттан тікелей жұқты деген нұсқа да қалады. Ал зертханадан тарауы, оның айтуынша, екіталай.

"Коронавирустың пайда болу себептерін зерттеу нәтижесі оның жануарлар вирусына ұқсастығына әкеледі. Ол жарқанаттардағы вирусқа да ұқсайды. Бірақ Ухан жарқанаттар мекендейтін ортаға жақын орналаспағандықтан, олардан тікелей берілуі екіталай. Сондықтан біз вирустың тасымалдаушысы бола алатын басқа жануарларды табуға тырыстық.

Зерттеулер вирустың зертханадан тарағаны туралы гипотеза оның адамдар арасында пайда болуын түсіндіруі екіталай екенін болжайды. Сондықтан бұл нұсқа вирустың пайда болу себептерін анықтау үшін жүргізілетін зерттеулерге берілетін ұсыныста қарастырылмайды", - деді ол.

Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылар тобы Қытайға аттанды. Бастапқыда оны қытайлық тарап елге кіргізбеген, артынша зерттеу жұмыстарын жасауға рұқсат берді. Мамандар жарқанат резервуары, коронавирус алғаш анықталған базар мен Ухандағы зертханаға барып, әріптестерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі Қытайдағы коронавирус инфекциясын зерттеу қалай жүргіп жатқанын жазған болатын

Коронавирус жарқанаттан жұқты ма? Қытай мен АҚШ позициялары

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети