Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

Стокгольм Олимпиада ойындарын қабылдаудан бас тартты

20 Қаңтар 2014, 14:25
0
Швеция астанасы Стокгольм 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өз жерінде өткізуден бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости. Мұның себебін Стокгольм қаласының мэрі экономикалық базаның жоқтығымен түсіндірді.

"Дәл қазір мен қалалық кеңеске Олимпиада ойындары - біздің басты мақсатымыз деп талап қоя алмаймын. Әлбетте, "иә, Олимпиаданы өз жерімізде өткіземіз" деп айтқан әлдеқайда жақсы естіледі. Бірақ мұншалықты қиын шешімді қабылдауға құқығым жоқ", - деп ағынан жарылды қала мері Стен Нордин.

Бүгінде Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) 2022 жылғы Ақ Олимп ойындарын өз жерінде өткізуге алты өтініш түсіпті. Атап айтсақ, дүбірлі доданы қабылдауға Алматы, Бейжің (Қытай), Краков (Польша), Львов (Украина), Осло (Норвегия) және Стокгольм қалалары ниет білдірген екен. Сондай-ақ, Германияның Мюнхен қаласы өтініштерін дайындап отырған. Алайда, халықтық референдумнан кейін бұл ойларынан бас тартты. Өйткені, қала тұрғындарының басым бөлігі Олимпиаданы Мюнхенде өткізуге қарсы екен.

Айта кетейік, Алматы 2022 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыруға ниет танытып, ХОК-қа өтініш жіберген алғашқы қала. Сарапшылардың болжауы бойынша, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізер болсақ, оның шығыны бес миллиард доллардан кем болмайтын көрінеді.

Енді 2014 жылдың 8-9 шілде күндері Олимп додасын өткізуге үміткер қалалардың қатары сұрыпталып, 2015 жылдың 31 шілдесінде Халықаралық Олимпиада комитетінің Куала-Лумпур қаласында өтетін алқалы мәслихатында 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қожайыны белгілі болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай