18 сәуір 2020 11:08

Тәжікстан президентінің ұлы елдегі екінші адам болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рустам Эмомали. Сурет: President.tj Рустам Эмомали. Сурет: President.tj

Душанбе басшысы Рустам Эмомали Тәжікстан парламенті жоғарғы палатасының спикері - Мәжіліс миллиі болып сайланды, - деп хабарлайды "Ферғана" Тәжікстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Душанбе басшысы Рустам Эмомали Тәжікстан парламенті жоғарғы палатасының спикері - Мәжіліс миллиі болып сайланды, - деп хабарлайды "Ферғана" Тәжікстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палатаның жаңа құрамының отырысында сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы саясаткердің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

"Осылайша, Душанбе мэрі ресми түрде елдегі президенттен кейінгі екінші адам болды және мемлекет басшысы орнынан түсіп, қайтыс болған немесе жұмысқа қабілетсіз жағдайда басқару ісі оның қолына өтеді", - деп жазды басылым.

Жоғарғы палатаның төрағасы қызметінде ол Махмадсаид Убайдуллоевті алмастырды, ол 2000 жылдан бері спикер болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети