1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

"Талибан" қозғалысы өзбек билігімен электр желісі мен теміржол құрылысы бойынша келісімге келді 17 қазан 2021, 10:40

Өзбекстан мен Ауғанстан өкілдері 16 қазанда Термезде (Өзбекстанның Ауғанстанмен шекарадағы Сурхандарья облысының орталығы) кездесті. Өзбекстан
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Сурет Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің сайтынан алынды Сурет Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің сайтынан алынды

Өзбекстан мен Ауғанстан өкілдері 16 қазанда Термезде (Өзбекстанның Ауғанстанмен шекарадағы Сурхандарья облысының орталығы) кездесті. Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің сайтында тараптар электр желілері мен теміржол құрылысының бірлескен жобасын іске асыру туралы келісімге қол жеткізді деп хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзбекстан делегациясын премьер-министрдің орынбасары, инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков басқарды, Ауғанстан тарапын Ауғанстанның уақытша үкіметі басшысының міндетін атқарушы Абдул Салам Ханафи басқарды.

Министрлік мәлімдемесінде кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық, шекара қауіпсіздігі, энергетика саласындағы келісім, халықаралық жүк тасымалы мен транзит мәселелері талқыланғанын хабарлады. Сонымен қатар, білім беру және гуманитарлық саладағы қатынастарды дамыту жөнінде пікір алмасты.

"Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соның ішінде "Сурхан-Пули-Хумри" электр желісінің тартылуына және "Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар" теміржолының құрылысына ерекше назар аударылды", - деп атап өтті Өзбекстан СІМ.

Өзбекстан СІМ Ауғанстан делегациясы өзбек үкіметіне қонақжайлылық көрсетіп, сәтті келіссөз жасағаны үшін  ризашылық білдіргенін хабарлады.

РИА Новости "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) мәлімдемесіне сай Өзбекстанмен келіссөздер нәтижесінде бірлескен жұмыс топтары құрылғанын хабарлады.

"Екі жақтың арасында көптеген салада бірлескен жұмыс топтары құрылды. Жұмыс топтары өзекті мәселелерді талқылап, басшыларына келесі қадамдар бойынша ұсыныстар тастайды", - деді Талибан өкілі Забихулла Мужахид мәлімдемеде.

Мәлімдемеге сәйкес, алдағы он күнде тараптар басшылыққа ұсынатын жол картасын әзірлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram