16 қыркүйек 2021 09:41

"Талибан" қозғалысының негізін қалаушылардың бірі ел басшылығындағы жанжалды жоққа шығарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талибанның" негізін қалаушы (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Абдул Ғани Барадар қозғалыс басшыларының үкімет құрамына байланысты жанжал шығарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


"Талибанның" негізін қалаушы (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Абдул Ғани Барадар қозғалыс басшыларының үкімет құрамына байланысты жанжал шығарғаны туралы ақпаратты жоққа шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстан премьер-министрі орынбасарының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадар "Талибан" басшылығы арасындағы жанжал салдарынан зардап шеккені туралы хабардың жалған екенін мәлімдеді.

"Жоқ, бұл ақпарат жалған. Менде бәрі жақсы", - деді Барадар мемлекеттік теледидарға берген сұхбатында. Видеоны Дохадағы "Талибан" саяси кеңсесі Twitter-де жариялаған.  

"Талибан" басшылары арасындағы ішкі келіспеушіліктер туралы БАҚ ақпаратына түсінік бере отырып, Барадар: "арамызда ештеңе болған жоқ, барлығы жалған ақпарат. Алаңдататын ештеңе жоқ".

RTA мемлекеттік теледидарына сұхбат берген қысқа видеода, диванда отырған Барадар қағаз бетінде жазылғанды оқып жатқанын көруге болады.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары "Талибанның" негізін қалаушы Абдул Ғани Барадардың қозғалыс басшылығындағы өткір қақтығыстан кейін жоғалып кеткені туралы хабарлағаннан кейін бұл теріске шығарылды. Ауғанстанның бас дипломатының орналасқан жері мен денсаулығы туралы сұрақтар 13 қыркүйекте Катардың Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдел Рахман Әл Танимен келіссөзге келмегеннен кейін пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети