14 қыркүйек 2021 08:47

"Талибан" өкілі: ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керек

© REUTERS © REUTERS

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілі Вахидулла Хашими REUTERS агенттігіне ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілі Вахидулла Хашими REUTERS агенттігіне ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хашимидің сөзінше, тәліптер халықаралық қоғамның қысымына қарамастан "ислам құқығының өзіндік нұсқасын" дайындайды. 

"Біз 40 жылдай Ауғанстанда шарихат жүйесінің енгізілуіне күрестік. Шарихатқа сәйкес, ер адам мен әйел адам бір жерде жиналып отыра алмайды. Олар бірге жұмыс істей алмайты. Бұл түсінікті. Әйел адамдарға біздің кеңсеге келіп, біздің министрліктерде жұмыс істеуіне тыйым салынады", - деді Хашими.  

Тәліптер билікке келгелі ауған әйелдерінің жағдайы қалай?

Агенттік мәліметінше, бұған дейін ауған әйелдеріне жұмыс істеп, білім алуына рұқсат берілетіні туралы мәлімдемелер жасалған. "Талибан" басқарған 1996-2001 жылдары оған тыйым салынған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети