08 қараша 2021 12:49

"Талибан" үкіметтегі негізгі лауазымдарға 44 содырды тағайындады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Талибан" (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) 44 мүшесін провинция губернаторлары мен полиция бастықтары секілді негізгі лауазымдарға тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

"Талибан" жаңа лауазымдарға тағайындалған мүшелерінің тізімін жариялады, Кари Барял Кабулдың губернаторы, ал Вали Джана Хамза қалалық полицияның бастығы болды.

Кабулдың қауіпсіздігіне жауапты бұрынғы қолбасшы Маулави Хамдулла Мухлис осы айда Кабулдың орталығындағы Ауғанстанның ең ірі әскери госпиталіне жасалған шабуылда қаза тапты.

Ауғанстанда аурухана маңында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты.

Хабарламада бұл қыркүйекте министрлер кабинеті құрылғаннан бері жарияланған алғашқы ауқымды тағайындаулар екені көрсетілген.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысының жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахунзада топты бақылауға алғаннан бері алғаш рет көпшілік алдына шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети