19 тамыз 2021 09:46

Тәліптерге қарсы Ахмад Масуд моджахедтері батыс елдерінен көмек сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Al Jazeera © Al Jazeera

"Талибан" бақылауына кірмейтін (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның Панджшер провинциясындағы қарсыластар Батыс елдерін қару-жарақ беріп, көмектесуге шақырды. Бұл туралы Washington Post жариялаған қарсылық жетекшісі Ахмад Масудтың мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


"Талибан" бақылауына кірмейтін (Қазақстанда тыйым салынған) Ауғанстанның Панджшер провинциясындағы қарсыластар Батыс елдерін қару-жарақ беріп, көмектесуге шақырды. Бұл туралы Washington Post жариялаған қарсылық жетекшісі Ахмад Масудтың мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ахмад Масуд - "Солтүстік альянстың" марқұм басшысы Ахмад Шах Масудтың баласы, ол да тәліптерге қарсы күрескен.

Масудтың айтуынша, Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары "ұрыс даласынан кетті", бірақ Америка бәрібір "демократияның ұлы арсеналы" бола алады.

"Осы мақсатта мен батыстағы Ауғанстан достарынан Вашингтонда және Нью-Йоркте, Конгресс және Байден әкімшілігі (АҚШ президенті - ескерт.) алдында, бізді Лондонда қорғауды сұраймын", - деді Масуд.

Масуд оған ауған армиясының жауынгерлері, сондай-ақ арнайы жасақ жауап бергенін және Панжшерге бет алғанын айтты. Олар қару-жарақ пен техника әкеледі, дейді Масуд.

"Қандай жағдай болмасын, мен және менің моджахед жауынгерлеріміз Панджшерді ауған бостандығының соңғы бекінісі ретінде қорғаймыз. Біздің рухымыз бүтін. Бізді не күтіп тұрғанын өз тәжірибемізден білеміз. Бірақ бізге көбірек қару-жарақ, оқ-дәрілер мен техника қажет", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Кабулдағы әскери дереккөз мәліметінше, берілуден бас тартқан ауған армиясының әскери қызметкерлері және маршал Абдул-Рашид Дустумның Қарулы Күштері - барлығы 10 мыңға жуық жауынгер Панджшер провинциясына бет алған, олар "Талибан" қозғалысына қарсы тұруға ниет білдірген.

Әскери дереккөз мәліметінше, өз кезегінде Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салехтің күштері Парван провинциясындағы Чарикар аймағын бақылауға алған. Қақтығыс қазір Панджшер ауданында жүріп жатыр.

Панджшер - 140 мыңнан аса халқы бар Ауғанстанның 34 провинциясының бірі. АҚШ бастаған НАТО әскерлерінің негізгі күштері осы провинцияда орналасқан.

Тәліптер 25 жыл бұрын Панджер шатқалын басып ала алмады, олар 1996 жылы билікке келген кезде: "Солтүстік альянстың" жетекшісі Ахмад Шах Масуд осы провинцияда тұрақтап, оларға қарсы тұрды. Ол 80-жылдары Кеңес әскерлеріне қарсы соғысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети