15 наурыз 2021 09:15

Ташкенттегі оқиға. Қырғызстан министрі өзбекстандық әріптесімен қол алысудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев құжат алмасу рәсімі кезінде Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Абдухаким Хаджибаевпен қол алыспады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress басылымына сілтеме жасап.

11-12 наурызда президент Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Өзбекстанда болды. Делегация құрамында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев болды.

Келісімге қол қойылғаннан кейін халықаралық хаттамаға сәйкес шенеуніктер бір-біріне құжат тапсырып, қол алысады. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Абдухаким Хаджибаев дәстүрлі түрде қолын созғанымен, Бейшеналиев қол ұсынбады.

"Хаттама бойынша тек келісім құжаттары тапсырылады. Барлық министр қол алыспады. Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі бұл туралы ұмытып кеткен сияқты. Мен олай болмайтынын айтып, қолымды созбадым", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети