04 сәуір 2017 | 13:39

Терактіден кейін жоғалып кеткен қазақстандықтың достары Максим Арышев туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Максим Арышев. © vk.com Максим Арышев. © vk.com

Алматылық Максим Арышевтың достары Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кейін байланысқа шықпай жатқан қазақстандық жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Максим Арышевтың достары Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан кейін байланысқа шықпай жатқан қазақстандық жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Максим Арышев - Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік экономикалық университеттің 3-курс студенті. Ол "Ақпараттық жүйелер мен технологиялар" мамандығы бойынша білім алады. Оқу орнының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, оның оқу үлгерімі жақсы. Максим өзі Алматыдан, "Достар" халықаралық мектеп-лицейінде оқыған.

"Ол мектепті 2014 жылы бітірді. Сабақты жақсы оқыды. Орта мектепті жақсы бағамен бітірді. Алтын медальға бітірген жоқ, бірақ оқуды жақсы аяқтады. Алаңдататын жағымсыз жағдай болып тұр. Барлығымыз ол үшін алаңдап отырмыз", - деді "Достар" халықаралық мектеп-лицейінің меңгерушісі.

Максимның құрбысы Дана Агеева да Арышевтың қайда болуы мүмкін екеніне қатысты ешқандай мәліметтің жоғын айтады. Ол тірі ме, жоқ па - ешкім білмей отыр. 

"Макспен бұрыннан доспыз. Бірге жекеменшік "Достар" мектебінде оқыдық. Ол мен ерекше деп санайтын адамдардың бірі. Максим маған үнемі көмектесетін, көңіл-күйім болмағанда, әзілдер айтатын. Макс - мен үшін ерекше адам. Оның өмірге деген өзінің жеке көзқарасы болды. Мейірімді еді", - деп еске алды құрбысы Дана.

Қазақстандықтың тағы бір досы онымен бір университетте оқығанын айтады. "Оны бірнеше рет студенттік кештерде көретінмін. Қарапайым, ұяң және арық бала болатын. Студенттер сияқты компьютерлік ойындар мен сериалдарды ұнататын". Ярослав Вульф есімді досы да Максимді бір есіне алып қалды: "Мен онымен Питерге турист ретінде келгенде таныстым. Сол уақыттан бері байланыста болатынбыз. Күнделікті сөйлеспесек те, байланыста жүретінбіз. Сол сәттердің өзінде ол тек жақсы көңіл-күй беретін".

Айта кетейік, бүгін Қазақстандық Максим Арышевтың ата-анасының Санкт-Петербургке ұшып кеткені хабарланаған еді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеген болатын.

Осыған дейін ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның азаматының метрода болған жарылысқа қатысы бар деп мәлімдеген болатын. 

Cондай-ақ, ҚР СІМ Санкт-Петербургте жарылысты қазақстандық ұйымдастыруы мүмкін деген жағдайға қатысты түсінік берген болатын. "Түсіндіріп өткім келеді. 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына Алматыдан Ирина Арышевадан қоңырау келіп түсті. Ол онда жарылыс туралы мәліметтерден кейін оның 20 жастағы ұлы, Санкт-Петербургтегі Экономикалық университеттің 3-курс студенті Максим Арышевтың байланысқа шықпай жатқанын айтты", - деген еді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деген еді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети