12 шілде 2016 09:41

Терезе Мэй Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болып тағайындалады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РА © РА

Ұлыбританияның ІІМ басшысы Терезе Мэй Консерватив партияның лидері, елдің премьер-министрі болып тағайындалады, - деп хабарлайды РИА Новости партия комитетінің басшылығына сілтеме жасап.


Ұлыбританияның ІІМ басшысы Терезе Мэй Консерватив партияның лидері, елдің премьер-министрі болып тағайындалады, - деп хабарлайды РИА Новости партия комитетінің басшылығына сілтеме жасап.

Мэй осыған дейін консерваторлар мен премьер-министрдің орнына негізгі үміткерлердің бірі болды. Ал 11 шілдеде оның бәсекелесі Андреа Лидстің сайлаудан шығып қалуына байланысты Мэй премьер-министр қызметіне жалғыз үміткер болды. 

BBC News басылымының мәліметінше, Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон 13 шілдеде отставкаға кетуі жайлы ресми түрде мәлімдеме жасайтынын айтты. Оның айтуынша, сол күні кешке-ақ жаңа премьер-министр жұмысқа кірісе алады.

Айта кетейік, кезектен тыс сайлау партия басшысы Дэвид Кэмеронның отставкаға кетуіне байланысты өткен. Кэмерон 23 маусымда ұлыбританиялықтардың оның үндеуіне қарамастан Еуропалық Одақтан шығуға дауыс бергені үшін осындай шешімге келген.

Сонымен қатар, Ұлыбританияда соңғы 26 жыл ішінде премьер-министр қызметінде әйел болмаған екен. Осы уақытқа дейін жалғыз әйел адам, әйгілі Маргарет Тэтчер, премьер-министр болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети