24 мамыр 2022 00:58

Time журналы ең ықпалды адамдардың тізімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Time журналы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путинді ең ықпалды 100 адамның тізіміне қосты,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Time журналы Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путинді ең ықпалды 100 адамның тізіміне қосты,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Time америкалық басылымының журналистері салалық сарапшылармен бірге жылдың ең ықпалды 100 адамының тізімін жасады. Тізім алты санатқа бөлінді: "Титандар", "Жаңашылдар", "Әртістер", "Көшбасшылар", "Пионерлер" және "Кумирлер".

"Көшбасшылар" номинациясына Украина президенті Владимир Зеленский, Ресей басшысы Владимир Путин, Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен, АҚШ президенті Джо Байден, Германия канцлері Олаф Шольц және Оңтүстік Корея басшысы Юн Сок Ель кірді.

Зеленский туралы пікірді АҚШ президенті Джо Байден жазды.

Ал Путин туралы пікір білдірген - ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный. 

Time анықтаған жылдың ең ықпалды адамдарының толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады..

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети