04 қараша 2020 08:20

Тоқаев Қабыл университетіндегі 35 адамның өліміне байланысты көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Мохаммад Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қабыл университетінде жасалған жантүршігерлік лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың жазықсыз қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қаралы сәтте орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасылар мен барша Ауғанстан халқына қазақстандықтардың және өз атымнан көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қайғылы оқиғадан зардап шеккен адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ауғанстан астанасында орналасқан Қабыл универвитетінің заң факултетіне жасалған шабуылдан 35 адам қаза тапты, 50 адам жарақат алды. Шабуыл дүйсенбі, 2 қараша таңертең болған. БАҚ мәліметінше, қайтыс болғандардың бәрі - студенттер мен мұғалімдер.

ІІМ өкілінің ақпаратына қарағанда, үш адам шабуыл жасаған. Олардың көзін жою үшін жүргізілген арнайы операция алты сағатқа созылған. Шабуылға жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобы өз мойнына алды, - деп жазады Reuters

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети