30 қаңтар 2022 11:58

Трамп Байденді үшінші дүниежүзілік соғысқа қауіп төндірді деп айыптады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS© Фото: REUTERS©

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденнің "қабілетсіздігі " үшінші дүниежүзілік соғысқа қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қазіргі мемлекет басшысы Джо Байденнің "қабілетсіздігі " үшінші дүниежүзілік соғысқа қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Трамп Техастағы митингіде өзінің жақтастары алдында сөйлеген сөзінде өзінің тұсында Америка Рейган қағидатын ұстанып, ескі абсурд соғыстарды аяқтағанын айтты.

"Джо Байденнің әлсіздігі мен біліксіздігі үшінші дүниежүзілік соғыстың қаупін тудырады", - деді Трамп.

Трамп Ресей басшылығымен жақсы қарым-қатынаста болғанына қарамастан, Ресей көрші елдің шекарасына мыңдаған әскерін шығаруға батылы бармайтынын түсіндірді.

"Олар бұл туралы ойламайды, олар ешқашан батыл қадамға бармас", - деді ол.

Трамп ресейлік "Солтүстік ағын-2" экспорттық газ құбырының құрылысына іс жүзінде тосқауыл қойғанын еске салып, оның президент болған төрт жылында Ресей ешқайда қозғалмаған жалғыз кезең болды деп дәлелдеді. Сонымен бірге, ол қазіргі әкімшіліктің Украинаға алаңдаушылық білдіретін жұмсақтығын сынады.

"Вашингтондағылардың бәрі қазір Украинаның шекарасын қалай қорғауға болатынын ойлап отыр, бірақ қазір біз үшін әлемдегі ең маңызды шекара - Украин шекарасы емес Америка шекарасы", - деді Трамп.

Трамп сонымен қатар Байденнің президенттігі кезінде КХДР-ның зымыран ұшыру саны рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Бұған қоса, экс-президент АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуын басқарудың әлсіздігіне тоқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети