11 қаңтар 2021 11:31

Трамп Капитолийдегі тәртіпсіздіктен кейін алғаш рет көпшілік алдына шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы қорған құрылысын тексеруге барады, - деп хабарлайды Daily Mail.


АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарадағы қорған құрылысын тексеруге барады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Басылымның мәліметінше, Трамп 12 қаңтарда Техас штатындағы Аламо қаласына барады. Ол 640 шақырымдық қорған құрылысының аяқталуын бақылайды және өз әкімшілігінің иммиграциялық жүйені реформалау бойынша атқарған жұмысын атап өтеді.

Шекарадағы қорған құрылысы Трамптың 2016 жылғы сайлауалды уәделерінің бірі болғанын атап өту керек. Сондай-ақ ол құрылысты Мексика төлейді деген, алайда қорған америкалық салық төлеушілердің ақшасына салынды.

Daily Mail

Қорғанның көп білігінде аласа тосқауыл қойылғанмен, аз уақыт ішінде, әсіресе соңғы жылда мемлекеттің бастамасымен биіктігі 9 метр болатын жүз шақырымдай қорған тұрғызылды.

Айта кетейік, Трамп "заңсыз мигранттарды тоқтатату" үшін ұзындығы 3,2 шақырым болатын қорған құрылысын 4 жылдан бері жалғастырып келеді. 

Журналистердің дерегіне сүйенсек, мемлекет басшысының сапарын АҚШ арнайы қызметі және құқыққорғау органдарының қызметкерлері әзірлей бастаған. Трамп Капитолийдегі тәртіпсіздіктен кейін алғаш рет көпшілік алдына шығады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети