НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Трамп Цукербергті қылмыскер деп атады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:facebook.com/DonaldTrump Фото:facebook.com/DonaldTrump

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Facebook-тің негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукербергті президенттік сайлауға араласқан қылмыскер деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Facebook-тің негізін қалаушы әрі бас директоры Марк Цукербергті президенттік сайлауға араласқан қылмыскер деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Трамп қолдаушыларына Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чанның жергілікті сайлау комиссияларына 400 миллион доллардан аса қайырымдылық жасап, 2020 жылғы президенттік сайлау науқанына әсер еткені туралы хабарлама жолдады.

"Марк Цукерберг менің ойымша, 400 миллион доллардан аса қаражат жұмсап, президенттік сайлаудың бағытын өзгерте алған қылмыскер. Бұл Facebook-ке әсер еткен жоқ", - деді Трамп.

Әңгіме былтыр күзде, АҚШ президентінің сайлауы қарсаңында бөлінген қаражат туралы болып отыр. Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан Технологиялар және азаматтық өмір орталығына (CTCL) және Сайлау инновациялары мен зерттеу орталығына (CEIR) 419,5 миллион доллар бөлген.

Қайырымдылық мақсатында деп, CTCL және CEIR жергілікті билік органдарына коронавирустың сайлау учаскелеріне таралуын болдырмау үшін қорғаныс құралдарын алуға, пошта бюллетеньдерін өңдейтін жабдықтарға қаражат бөлген.

CTCL және CEIR партиясыз ұйымдар ретінде тіркелгенімен, The Federalist-те жарияланған талдау ақшаны негізінен, демократиялық округтерде таратқанын көрсетті. Осыдан кейін республикалық Заң тобы тоғыз штатта қайырымдылыққа қарсы сот ісін қозғады. Цукербергтің өзі қаражат заңсыз мақсаттарда пайдаланылатынын жоққа шығарды.

Бұған дейін Трамп елде Twitter және Facebook-ке бойкот жариялауға шақырып, бұл компанияларға, сондай-ақ, олардың басшылары Марк Цукерберг пен Джек Дорсиге қарсы сотқа шағымданатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чанның бұрынғы қызметкерлері ерлі-зайыпты жыныстық зорлық жасады деп сотқа шағымданған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer