07 қаңтар 2021 09:06

Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, ішке кіріп, сенат залына басып кірді, - деп хабарлайды РИА Новости


Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, ішке кіріп, сенат залына басып кірді, - деп хабарлайды РИА Новости

Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті гранат қолданып тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды. 

"Наразылық білдірушілер Капитолийге шабуыл жасап, сенат залын басып алды. Олар бізден іште тұруымызды сұрады", - деп жазды америкалық сенатор Джеймс Лэнкфорд Twitter желісіндегі парақшасында. 


© РИА Новости


Видео әлеуметтік желіден

Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам зардап шеккен. 

Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастаған кезде басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген. 

Оклахома штатының сенаторы Джеймс Лэнкфордтың сөйлеп жатқан кезде оны аяқтауға мүмкіндік бермей, төраға үстелді балғамен ұрып, сенаторлар қайта шақырылғанға дейін жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыдан кейін хабар тарату тоқтатылған болатын. 

© REUTERS


Конгресс күзеті мәжіліс залына кіретін есікті жауып тастауға тырысып жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети