15 наурыз 2023 14:48

Цукерберг Meta-ның 10 мың қызметкері жұмыстан шығатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Meta Platforms Inc. (бұрынғы Facebook) алдағы айларда 10 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Америкалық Meta Platforms Inc. (бұрынғы Facebook) алдағы айларда 10 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы компанияның бас директоры Марк Цукерберг компания қызметкерлеріне хат жолдаған. Цукерберг 2023 жылды "Тиімділік жылы" деп атап, компания шығындарын шамамен 5 миллиард долларға дейін қысқартуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, бұл айтарлықтай қаржы жетіспеушілігі жағдайындағы шығыстарды азайту бойынша кезекті шара болмақ.

Алдағы бірнеше айда басшылық жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысы, сұранысы төмен жобалардан бас тарту мен компанияны қайта құрылымдауға қатысты жоспарларын жариялайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети