25 желтоқсан 2020 09:22

Түрік зерттеушілері Жерорта теңізі аймағында ірі алтын кен орнын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Түрік зерттеушілері іздеу жұмыстары кезінде Жерорта теңізінде жалпы құны 6,6 миллиард доллар болатын 100 тонна алтын кен орнын тапты. Бұл туралы Türkiye басылымындағы мақалада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтын қоры Гюбреташ аймағында табылды. Зерттеу нәтижесі бойынша, Түркия аймағындағы алтын қоры 6,5 мың тонна. Ал бүгінде алтынның 1,5 мың тоннасын өндіріп алуға болады. Қолжетімді алтын қорының жалпы құны 405 миллиард доллар деп бағаланған. 

"Түркия өзінің ұлттық энергетикалық және тау-кен саясатының артықшылығын көре бастады" делінген басылымда.

Бүгінде Түркияда 18 алтын өндіруші кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Алғаш өндіру жұмыстары 2001 жылы Измирдегі Оваджик алтын кенішінде басталды. 19 жыл ішінде мұнда 340 тонна бағалы металл өндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети