12 сәуір 2021 09:30

Түркия Айға ұшыратын зымыран қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/varank Фото: twitter.com/varank

Түркия Айға ұшатын зымыранның гибридті қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркия Айға ұшатын зымыранның гибридті қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Түркияның өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Anadolu агенттігінің мәліметінше, зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізу Ыстамбұлға жақын аймақтағы Шиле ауданында өткен. Келесі сынақ мамыр айында елдің солтүстігіндегі Синоп өңірінде өтеді деп жоспарланған. Одан бөлек, Sonda зымыранының қозғалтқыштық орнатылымы сынақтан өткен. 

Еске салайық, бұған дейін Түркия Айға ғарыш аппаратын жіберуді жоспарлап отырғаы хабарланған болатын. 10 ақпанда Түркия президенті Реджеп Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасының тұсаукесер рәсімінде оның елі 2023 жылдың соңына дейін Айға ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отырғанын айтты. 

Ердоғанның сөзінше, ғарыш аппараты Айға елдің жүз жылдығына орай қонады. Одан бөлек, президенттің айтуынша, Түркия ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети