12 қаңтар 2016 22:18

Түркия билігі: Терактіден қаза тапқандардың барлығы шетелдіктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ыстамбұлдағы тарихи орталық саналатын Сұлтанахмет алаңында болған жарылыстан қаза тапқандардың барлығы - шетелдіктер, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглуға сілтеме жасап.


Ыстамбұлдағы тарихи орталық саналатын Сұлтанахмет алаңында болған жарылыстан қаза тапқандардың барлығы - шетелдіктер, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглуға сілтеме жасап.

"Ыстамбұлдың орталығындағы терактіден қаза тапқандардың барлығы - шетелдіктер. Олардың ішінде Германиядан келген туристер бар, мен канцлер Ангела Меркельге көңіл айттым", - деді Давутоглу баспасөзге арнаған мәлімдемесінде. Агенттіктің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, терактіден қаза тапқандардың басым бөлігі ГФР азаматтары. Сонымен қатар, жарақат алған 15 адамның ішінде Перу, ГФР, Норвегия, Оңтүстік Корея азаматтары бар екендігі де белгілі болды.

Жойқын жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 14.20-да Сұлтанахмет алаңындағы трамвай аялдамасы маңында болған. Сол кезде аялдамада Германиядан келген саяхатшылар болыпты. Болжам бойынша, жарылысты жанкешті жасаған. Қазақстан СІМ Ыстамбұлдағы жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр. Осыған дейін Түкия билігінің бұқаралық ақпарат құралдарына Ыстамбұлдағы жарылыс туралы жаңалық таратуға тыйым салғаны хабарланған еді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети