16 наурыз 2021 14:53

Түркия Грекияға, Израильге және ЕО-ға наразылық нотасын жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Грекия мен Израиль елшіліктеріне, сондай-ақ Еуропалық Одақ (ЕО) делегацияларына дипломатиялық нота жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі duvaR.english басылымына сілтеме жасап.


Түркияның Сыртқы істер министрлігі Грекия мен Израиль елшіліктеріне, сондай-ақ Еуропалық Одақ (ЕО) делегацияларына дипломатиялық нота жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі duvaR.english басылымына сілтеме жасап.

Құжатта EuroAsia Interconnector жобасы аясында осы елдер құрған электр желісі Түркияның аумақтық сулары арқылы өтетіні айтылған. Сондай-ақ, жоба құжаттамасында су асты электр сымының жоспарланған бағыты Шығыс Жерорта теңізіндегі Түркия құрлық қайраңын қамтитыны көрсетілген.

Түркия кез келген әрекет тек Анкараның келісімімен жасалуы керек деп мәлімдеді және тиісті дипломатиялық құрылымдарға наразылық нотасын жіберді.

Жазбада электр сымын төсемес бұрын алдын ала зерттеу жүргізу үшін рұқсат алу қажеттігін, ал зерттеу жүргізілмейтін болса, Анкараға белгіленген тәртіппен хабарлау қажеттігі жазылған.

Баспасөз мәліметін сүйенсек, Анкараның бұл әрекеті 8 наурызда Кипр, Грекия және Израиль арасында жасалған келісімге жауап.

2020 жылдың соңында ЕО Жерорта теңізін қолдануға байланысты Түркияға қарсы қатаң санкция салынған қарар қабылдаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети