22 маусым 2021 17:26

Түркия мен АҚШ қарым-қатынасының жаңа дәуірі басталды - Ердоған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитінде америкалық әріптесі Джо Байденмен кездесуден кейін Вашингтон мен Анкара арасында қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын айтты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Атлантикалық альянстың саммитінде америкалық әріптесі Джо Байденмен кездесуден кейін Вашингтон мен Анкара арасында қарым-қатынастың жаңа кезеңі басталғанын айтты, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Осылайша, Ердоған 14 маусымда Брюссельде өткен НАТО саммитінде америкалық көшбасшы Джо Байденмен кездесу нәтижелерін бағалады.

"Біз АҚШ-пен жаңа дәуірдің есігін оң және сындарлы негізде аштық деп санаймыз. Байденмен келіссөзден, Америка Құрама Штаттарымен байланыстарымызды нығайта отырып, елге пайда әкелуге бел будық", - деді Ердоған.

Кездесуден кейін Түркия басшысы екі ел арасындағы түрлі геосаяси мәселелер бойынша келіспеушіліктерге қарамастан оң қорытынды жасаған.

"Түркияның жалғыз талабы - әркімнің саяси және экономикалық егемендік құқықтарын құрметтеуі және оның шекарасындағы және одан тыс террористік ұйымдарға қарсы күресіне қолдау көрсету", - деп қорытындылады Түркия басшысы.

Ердоғанның айтуынша, Түркия басшылығы АҚШ-пен одақтастық қатынастарды дамытуға дайын. Ол уақыт өте келе қос ел келіспеушіліктерді жеңе алатынына сенімді.

Айта кетейік, екі ел басшыларының кездесуі АҚШ президенті Джо Байден ХХ ғасырдың басында Осман империясында ұйымдастырылған және жасалған этникалық армяндардың қырғынын ресми түрде геноцид деп танығаннан кейін орын алды. Осыған байланысты АҚШ-тың Анкарадағы елшісі Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оған АҚШ президентінің мәлімдемесіне наразылық білдірді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети