20 желтоқсан 2015 12:04

Түркия Путиннің мәлімдемесін күлкімен қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. © AP Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. © AP

Түркия Ресей президенті Владимир Путиннің ресейлік Су-24 ұшағының апатына қатысты мәселе бойынша берген соңғы мәлімдемесін әзілмен қабылдады, - деп хабарлайды Lenta.ru түріктің Huriyett басылымына сілтеме жасап.


Түркия Ресей президенті Владимир Путиннің ресейлік Су-24 ұшағының апатына қатысты мәселе бойынша берген соңғы мәлімдемесін әзілмен қабылдады, - деп хабарлайды Lenta.ru түріктің Huriyett басылымына сілтеме жасап.

"Мен бұл сөздерді тек күлкімен қабылдай аламын. Бұл пікірді шындап қабылдау қорлық болар еді", - деп мәлімдеді Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу. 

Оның пікірінше, ресейлік көшбасшының сөздері кеңестік пропаганда секілді шыққан. "Кеңес пропагандасының заманы әлдеқайда өтіп кеткен", - деді ол. Давуотоглу, Путиннің пікірін бүгінгі заманға сай емес екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 17 желтоқсанда жыл сайынды үлкен баспасөз мәслихатының кезінде Путин Түркияның Сирияда ресейлік Су-24 бомбалаушысын құлатуы АҚШ-тың айдап салуынан болуы мүмкін екендігін мәлімдеген еді. "Біз мұны білмейміз. Бірақ егер түрік билігінде біреу америкалықтардың бір жерінен жалаған болса, олардың ісінің дұрыс-бұрыстығын білмеймін", - деді Ресей басшысы. Путиннің айтуынша, Анкара жаугершілік акт жасап, кейін НАТО-ны қалқан еткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети