01 наурыз 2020 21:27

Түркия сириялық екі ұшақты атып түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Түрік әскерилері Сирия ӘӘК-нің екі ұшағын атып түсірді. Бұл туралы сириялық SANA мемлекеттік агенттігі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.


Түрік әскерилері Сирия ӘӘК-нің екі ұшағын атып түсірді. Бұл туралы сириялық SANA мемлекеттік агенттігі хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, сириялық екі ұшақ Идлиб маңында атып түсірілген. Пилоттар катапультацияланған.

Сонымен қатар, Идлиб маңында түріктің ұшқышсыз ұшағы атып түсірілген. САР Қарулы күштерінің қолбасшылығы провинцияда әуе жолдарын жабу туралы шешім қабылдаған.


Фото: sana.sy

Anadolu агенттігі болса сириялық екі Су-24 бомбалаушысы Түркия ӘӘК ұшақтарына шабуыл жасауға әрекет жасағанда атып түсірілгенін хабарлап отыр. Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сириялық армияның әуе шабуылына қарсы үш қондырғысы жойылған, олардың бірі Түркия ӘК-нің Саракиб қаласының түбінде ұшақсыз ұшқышын атып түсірген.

Идлибте 27 ақпанда террористер сириялық армияның позицияларына ірі масштабты шабуыл жасауынан кейін жағдай ушыға бастады. Үкіметтік әскер қарсы соққы жасады. 

Ердоғанның кеңесшісі Түркияның Ресеймен соғысуға дайын екенін мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, соққының астында түрік әскерилері де қалып қойған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети