22 тамыз 2016 16:06

Түркияда той кезінде болған жарылыстан қаза тапқандардың 22-сі балалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Түркияда той кезінде болған жарылыстың салдарынан қаза тапқан 53 адамның 22-сі 14 жасқа толмаған балалар болған, - деп хабарлайды ТАСС.


Түркияда той кезінде болған жарылыстың салдарынан қаза тапқан 53 адамның 22-сі 14 жасқа толмаған балалар болған, - деп хабарлайды ТАСС.

Осыған дейін қаза болғандар саны 50-ден асты деген хабар тараған еді. Еске салайық, Түркияның оңтүстігінде сенбі күні той тойлау кезінде жарылыс болған. "А Хабер" телеарнасының мәліметінше, 69 адам жарақат алған. Ел Президенті Режеп Тайып Ердоған Газиантеп қаласында өзін-өзі жарып жіберген жанкештінің жасы не бәрі 14-те болғанын айтқан. 

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның айтуынша, бұл істі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористтік ұйым) ұйымының содырлары жасаған болуы мүмкін. 

Агенттіктің хабарлауынша, Ердоған Түркияда мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға күдікті Феттулах Гүлен мен Күрдістан жұмысшылар партиясы (КЖП - Түркияда тыйым салынған) және Газиантепте лаңкестікті жасаған болуы мүмкін ДАИШ содырларынан еш айырмашылығы жоғын айтты.

Қазақстан Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Газиантеп қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Жарылыс бір топ адамның сыртқа шығып неке қию рәсімін тойлау кезінде болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети