18 ақпан 2023 08:58

Түркияда үйінді астында жатқан 45 жастағы ер адам 278 сағаттан кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Bernat Armangue/AP Фото: Bernat Armangue/AP

Хатай провинциясында үйінді астында жатқан ер адам 12 күннен кейін аман-есен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.


Хатай провинциясында үйінді астында жатқан ер адам 12 күннен кейін аман-есен шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

"Анадолу" агенттігінің мәліметінше, 45 жастағы ер адам 278 сағаттан кейін табылған.

Айта кетейік, бұған дейін, Ыстамбұл мэриясы 318 ғимарат жер сілкінісі болса құлауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұл ғимараттарда 10 мыңға жуық адам тұрады.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң екі ер адам құтқарылғанын хабарлаған болатынбыз.

26 жастағы Мехмет Али Шакироглу мен 34 жастағы Мұстафа Авджи жер сілкінісінен 261 сағат өткен соң Антакияның Одабаши ауданында қирандылар астынан құтқарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети