17 ақпан 2023 10:58

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Anadolu Фото: Anadolu

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы AFAD табиғи апат зардаптарын жою басқармасы сайтында айтылған.

Кахраманмараш, Османие, Хатай, Килис, Газиантеп, Диярбакыр, Шанлыурфа, Адана, Адыяман, Малатья және Элязыгте жер сілкіністері салдарынан жалпы 38 мың 44 адам қаза тапқаны атап өтілді.

Ведомство мәліметінше, бірінші жер сілкінісінен бері өңірде 4,7 мыңнан аса қайталанған жер сілкінісі болған.

Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети