04 тамыз 2021 09:01

Түркиядағы орман өртінің ғарыштан түсірілген суреттері жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

www.msb.gov.tr www.msb.gov.tr

Түркия барлау спутниктері орман өртінің салдарын ғарыштан суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркия Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Түркия барлау спутниктері орман өртінің салдарын ғарыштан суретке түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркия Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Göktürk-1 және Göktürk-2 спутниктері Манавгат және Мармарис сияқты қалалардағы орман өрті мен оның салдарын суретке түсіріген. Суреттерден орман айтарлықтай зардап шегіп, күлге айналғанын көруге болады.

msb.gov.tr

Бүгінде 100 мың гектар аумақта орман толық өртеніп кеткен және бұл көрсеткіш әлі де ұлғаюы мүмкін.

msb.gov.tr

Қазіргі уақытта Түркиядағы өрт салдарынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті. Ел билігі таратқан хабарламаға сүйенсек, өртсөндірушілер 130 өрт ошағын оқшаулаған, бірақ бұл өрт толық сөндірілді дегенді білдірмейді.

Түркиядағы өртті сөндіруге Ресей, Украина, Иран және Әзірбайжан көмек көрсетті. 30-ға жуық тікұшақ пен 1800-ден аса құтқарушы жұмылды.

Айта кетейік, көптеген танымал Түркия курорттары 13 провинциядағы орман өрті салдарынан туристік маусымда өрт пен түтіннің астында қалды. Кейбір жерлерде туристер мен жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. Кейін террористік ұйым Түркиядағы өрт үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети