16 ақпан 2023 14:29

Түркиядағы сайлау кейінге шегерілуі мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жалпы сайлау алты айдан бір жылға дейін шегерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Habertürk басылымына сілтеме жасап.


Түркиядағы жалпы сайлау алты айдан бір жылға дейін шегерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Habertürk басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, елдің басқарушы партиясы ауқымды жер сілкінісі жағдайында бұл мәселеге байыппен қарайды.

"Сайлау туралы шешім қабылданады. Содан кейін Жоғарғы сайлау комиссиясы жер сілкінісінің салдарына байланысты сайлау өткізу іс жүзінде мүмкін болмай тұрғанын айтып, сайлауды кейінге қалдыруды сұрайды", - делінген мәтінде.

Басылым сайлауды кейінге қалдыру күн тәртібінде тұрғанын, өйткені жер сілкінісіне қатысты қазіргі жағдай осыған дейінгі сайлауды нәтижесіз еткенін атап өтті.

Мақала авторы Фатиха Алтайлының айтуынша, сайлауды кейінге қалдыру үшін билік Конституциялық соттың осыған ұқсас жағдайға қатысты ескі шешімдерінің бірін пайдаланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети