17 мамыр 2014 10:31

Түркиядағы шахтада қайтыс болғандардың саны 292-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Түркияның Сома қаласында шахтадағы апаттан қайтыс болғандардың саны 292-ге жетті. Бұған дейін опат болғандардың саны 284 адам деп хабарлаған болатын Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.


 Түркияның Сома қаласында шахтадағы апаттан қайтыс болғандардың саны 292-ге жетті. Бұған дейін опат болғандардың саны 284 адам деп хабарлаған болатын Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып.

Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі  Танер Йылдыздың айтуынша, 16 мамыр күні құтқарушылар тағы 8 адамның мәйітін тапқан. Әлі де 9 немесе 10 адам із-түссіз жоғалған деп саналады. Бүгінде құтқару жұмыстары жалғасуда. 

Түркияның тарихындағы ең ірі төтенше жағдай Сома елдімекенінде 13 мамыр күні болған еді. Қолда бар деректерге қарағанда шахтада қысқа тұйықталу салдарынан өрт шығып, жарылыс болған. Жарылыс кезінде жер астында 787 адам жұмыс істеп жатқан болатын.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Түркияның біршама қалаларында наразылық акциялары өтуде. Демонстранттар осы оқиғаға үкімет басшыларының жауапты екенін айтуда және олар қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге, шахта қызметкерлерін үйретуге шахтаның иелері ақшаны аяды деп айыптап отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети